Астанада ҚР энергетикалық кешенінің киберқауіпсіздігін нығайту және цифрландыру мәселелері талқыланды

Астанада ҚР энергетикалық кешенінің киберқауіпсіздігін нығайту және цифрландыру мәселелері талқыланды

2024 жылы 3-4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ, UNDESA жəне ESCAP бірлесіп WorkShop «Future Energy Dialogue 2024» өткізді. Іс-шара реттеуші құм алаңы тəсілдерін қолдана отырып, энергетика саласын цифрландыру жөніндегі бірлескен жоба шеңберінде ұйымдастырылды. Мемлекеттік органдардың, бизнестің, академияның жəне халықаралық сарапшылардың өкілдерін қоса алғанда, 100-ден астам қатысушылар Workshop-тың негізгі тақырыбына айналған Қазақстанның аса маңызды инфрақұрылымының (АКИАМО) киберқауіпсіздігін күшейту үшін шешімдер əзірлеуге назар аударды.

Негізгі бағыттар:

- Киберқауіпсіздік: АКИАМО қорғау стратегияларын əзірлеу, кибершабуылдардың алдын алу жəне саланың тұрақтылығын қамтамасыз ету.

- Цифрлық трансформация: ОЭК тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін ЖИ технологияларын пайдалану.

- Заңнама: киберқауіпсіздікті реттеу стандарттарын жаңарту.

- EnergyTech платформасы: мониторинг, деректерді қорғау жəне энергия ресурстарын басқару құралдарын енгізу.

Қорытынды:

- АКИАМО қорғауды күшейту үшін нормативтік базаны жаңғырту бойынша ұсыныстар дайындалды.

- Киберқауіпсіз шешімдерді іске асыру үшін мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы нығайтылды.

- Маңызды энергетикалық инфрақұрылымды қорғау үшін ақпараттық қауіпсіздік салалық орталығын (АҚСаО) құру перспективалары белгіленді.

WorkShop Қазақстанның тұрақты жəне қорғалған энергетикалық жүйесінің негізі ретінде ОЭК киберқауіпсіздігіне басымдық берудің маңыздылығын атап өтті.