
2024 жылдың 27 қарашасында «КОREМ» АҚ сауда алаңында «Солтүстік-Оңтүстік» өткізу мүмкіндігі ескеріле отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОREМ» АҚ-на мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне шекті тариф – айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз).
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 21 энергия өндіруші ұйым қатысты.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша сатылған қуаттардың жалпы көлемі 6 113.1 МВт құрады, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 4 480.2 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 632.9 МВт. Сауда жүйесінде 21 мәміле жасалды. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа алынған баға айына 1 160 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда жүйесіне энергия өндіруші ұйымдардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 7 926 МВт құрады.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің іске асырылмаған көлемі 1 812.9 МВт құрады.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.korem.kz/kaz/itogitorgov/rynok_moshnosti/