Қазақстан Баку-Супса бағыты бойынша мұнай жеткізу мүмкіндігін талқылауды жалғастыруда

Қазақстан Баку-Супса бағыты бойынша мұнай жеткізу мүмкіндігін талқылауды жалғастыруда

Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.

Баяндамадан;

"Баку-Супса мұнай құбырының мүмкіндіктері қарастырылуда. Өткізу қабілеті жылына 5 млн. тонна, жеткізудің ықтимал көлемі жылына 3 млн. тоннаға дейін.

Бұл маршрутты пайдалану пысықтау және талқылау сатысында".