Солтүстік аймақ үшін ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы

Солтүстік аймақ үшін ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы

2024 жылғы 18 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт жел электр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 34 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 600 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 22.68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан түскен өтінімдердің баға диапазоны 22.68-ден 11.83 теңге/кВт/сағ-қа (ҚҚС-сыз) дейін құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компания жеңімпаз деп танылды:

  • «Kaindy Energy» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 11.83 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Қостанай облысында орналастыру жоспарланған.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҚР ҰКП, Азия даму банкі және USAID өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты.

Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын растайды.

ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/   

ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 19 қарашаға жоспарланған.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ.