Мұнай және табиғи газ жөніндегі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің өтпелі ережелерін ұзарту

Мұнай және табиғи газ жөніндегі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің өтпелі ережелерін ұзарту

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 5 қарашадағы № 122 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) қолдануға дайындалған табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің (ЕАЭО 046/2018 ТР) өтпелі ережелерінің қолдану мерзімі Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт күшіне енген күнге дейін, бірақ 2030 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей ұзартылды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 5 қарашадағы № 123 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) қолдануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО 045/2017 ТР) өтпелі ережелерінің қолдану мерзімі 2027 жылғы 1 қантарына дейін ұзартылды.

Көрсетілген өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының тиісінші 2019 жылғы 19 наурыздағы № 39 және 2018 жылғы 6 наурыздағы № 36 шешімдеріне енгізілді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 5 қарашадағы № 122 және                2024 жылғы 5 қарашадағы № 123 шешімдерімен Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында https://docs.eaeunion.org/docs/ru-u/01046275/err_08112024_122, https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01046278/err_08112024_123 сілтеме бойынша танысуға болады.