Жалпы белгіленген қуаты 30 МВт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы

Жалпы белгіленген қуаты 30 МВт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы

2024 жылғы 13 қарашада ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 30 МВт гидроэлектр станциясының жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 12 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 37.9 МВт құрады.

2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 41.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға ауқымы 41.23-тен 10 теңге/кВтсағ-қа (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз атанды:

  • «DALA SOLAR» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 10 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «DALA SOLAR» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 28.8 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Мырзашөл Құс» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 32.5 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Ажур» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 33.95 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «DALA SOLAR» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 34.81 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Сары Айғыр-Қуат» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 2.7 МВт, аукциондық бағасы 35 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Көксу Қуат» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 4.2 МВт, аукциондық бағасы 35.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «ВЭС Толкын» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 0.5 МВт, аукциондық бағасы 40.5 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және USAID өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.

ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ 

 

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ.