
2024 жылғы 12 қарашада ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 100 МВт гидроэлектр станцияларының құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттықа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 10 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан мәлімделген электр қуатының жалпы көлемі 101 МВт құрады.
2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 41.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға ауқымы 41.23-тен 40.93 теңге/кВтсағ-қа (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес іріктеудің белгіленген қуат көлемі 100-ден 101 МВт-қа дейін ұлғайтылды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз атанды:
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ЗТБ, USAID және ЕҚДБ өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын атап өтті.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/
ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 30 МВт ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 13 қарашаға жоспарланған.