
2024 жылғы 11 қарашада ҚР БЭЖ барлық аймақтары үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 200 МВт гидроэлектр станциясының құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 10 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 220.9 МВт құрады.
2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 41.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға ауқымы 41.23-тен 37 теңге/кВтсағ-қа (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес белгіленген қуат көлемі 200-ден 220,9 МВт-қа дейін ұлғайтылды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына 10 компания жеңімпаз деп танылды:
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, USAID және «KOREM» АҚ-ның өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/
ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 100 МВт ГЭС құрылысына жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 12 қарашаға жоспарланған.