2024 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысына жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компанияға рұқсат берілді, қатысушылар 58 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 160 МВт құрады. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық кезінде 2024 жылғы шекті аукциондық баға 34,61 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдер 34,61 теңге/кВтсағаттан 14.95 теңге/кВтсағатқа (ҚҚС-сыз) дейінгі баға ауқымын құрады.
Аукцион қорытындысы бойынша келесі компания жеңімпаз деп танылды:
Аукциондық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ, «Атамекен» ҰКП, USAID және АХҚО өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын атап өтеді.
ЖЭК бойынша аукцион жеңімпаздарының тізімімен аукционды ұйымдастырушының https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт КЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылдың 25 қыркүйегіне жоспарланған