Қазан айында жоспарланған жөндеу кезеңінде өндіріс көлемін айтарлықтай қысқарту жоспарлануда. Осы кезеңде біз жыл басынан бері жинақталған артық өндірістің айтарлықтай көлемін өтеуді жоспарлап отырмыз.
Бұл ОПЕК Бас хатшысы Хайтам Әл-Гайстың жақында болған сапары (26 тамыз) және ОПЕК хатшылығы ұйымдастырған талдау агенттіктерімен кездесуі кезінде атап өтілді.
Қазақстан ОПЕК+ келісіміне өзінің адалдығын растайды және Келісімнің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін түсінеді.
Қазақстан өз міндеттемелерін толық орындау және ОПЕК хатшылығына ұсынылған өтемақы жоспарын орындау бойынша шаралар қабылдауда.