Энергетика министрлігі Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарының кейінге қалдырылғаны туралы жаңалыққа қатысты мұндай нұсқа қарастырылғанын, бірақ бұл тек бұрынғы талқылаулар деңгейінде болғанын хабарлады. Ешқандай шешімдер қабылданған жоқ. Қазақстан ОПЕК+ келісімін ұстанып, өз міндеттемелерін толық орындау және ОПЕК Хатшылығына ұсынылған өтемақы жоспарын орындау бойынша шаралар қабылдауда.