2024 жылғы 22 мамырда ҚР Энергетика министрлігінде (бұдан әрі - Министрлік) ғылыми-техникалық кеңестің (бұдан әрі - ҒТК) кезекті отырысы өтті.
Министрліктің ҒТК құрамына мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, ұлттық компаниялар мен университеттердің өкілдері кірді. ҒТК жұмыс органы болып "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ белгіленді.
Отырыста ҒТК төрағасы мен оның орынбасарларын таңдап, ғылыми зерттеулер үшін маңызды тақырыптардың тізімін белгіледі.
Қатысушылардың шешімімен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ҒТК төрағасы ретінде сайланды, цифрландыру саласына жетекшілік ететін энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс төрағаның орынбасары болып бекітілді.
ҒТК қатысушылары саланың өзекті міндеттерін ескере отырып, зерттеу үшін басым бағыттар тізімін жасады. Атап айтқанда, ғылыми зерттеулердің бағыттарын жасанды интеллект және цифрландыру технологияларын пайдалана отырып іске асыру ұсынылды.(тізімнің мазмұнымен осында танысуға болады)
ҒТК қатысушылары әзірлеген тізбе шеңберінде мынадай бағыттар қамтылды:
ҒТК жұмысы мәселелері бойынша 8 7172 57 45 64 телефоны арқылы хабарласуға болады, пошта s.sakhiyev@iacng.kz (жұмыс органының хатшысы Сахиев С. А.)