Taza Qazaqstan: Энергетика министрлігінің ұжымы жалпы республикалық сенбілікке қатысты

Taza Qazaqstan: Энергетика министрлігінің ұжымы жалпы республикалық сенбілікке қатысты

Қоршаған ортаны сауықтыруға бағытталған "Taza Qazaqstan" республикалық экологиялық акциясы аясында Энергетика министрлігінің ұжымы жалпы республикалық сенбілікке қатысып, белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті.

Энергетика министрлігінің қызметкерлері Астана қаласындағы Ғашықтар саябағының аумағын тазалады. Ұжым күш біріктіріп, саябақты қоқыстардан тазартып, оны одан да таза және жайлы етті.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ел өңірлеріндегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдайды. Ведомствоның "Taza Qazaqstan" акциясына белсенді қатысуы Қазақстан энергетиктерінің орнықты даму және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидаттарына бейілділігінің тағы бір дәлелі болды.

#TazaQazaqstan