Қазақстан Республикасында сутегі энергетикасын дамыту бойынша 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасы жобасын әзірленді

Қазақстан Республикасында сутегі энергетикасын дамыту бойынша 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасы жобасын әзірленді

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі сутегі энергетикасын дамытуға қатысты Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 24-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасында сутегі энергетикасын дамыту бойынша 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) жобасын әзірледі.

Тұжырымдама жобасы мыналарды қамтиды:

  • сутегі энергетикасын дамытудың одан әрі пайымы;
  • сутегі энергетикасын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері.

Тұжырымдама жобасында сутегі энергетикасын дамыту экономиканың түрлі секторларында, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта сутегіні өндіру мен пайдалануды ұйымдастыру мақсатында пилоттық жобаларды іске асыру, ғылыми әлеуетті дамыту, тиісті персоналмен қамтамасыз ету, ынталандырудың мемлекеттік шаралары және т.б. арқылы көзделеді.

Тұжырымдама жобасы 2024 жылғы 15 мамырға дейін «Ашық НҚА» порталында жария талқылауда екенін атап өтеміз.