Энергетика министрлігінің басшысы ЕҚДБ өкілдерімен кездесуде: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті

Энергетика министрлігінің басшысы ЕҚДБ өкілдерімен кездесуде: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті

Астанада ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдерімен кездесу өткізіп, оның барысында республика метан шығарындыларын азайту жөніндегі жұмысты жандандыруға бағытталғанын атап өтті және халықаралық институтты осы процеске қатысуға щақырды.

Кездесу барысында ҚР Энергетика министрлігінің басшысы республиканың метан бойынша жаһандық міндеттемеге қосылғанын еске салды, бұл оның энергетикаға дәйекті көшу және экономиканы кезең-кезеңімен көміртексіздандыру курсына бейілділігін растайды.

«Жалпы, елдің энергетика саласында парниктік газдардыңтөмендеу үрдісін байқап отырмыз. Осылайша, бес жылішінде энергетика саласындағы метан шығарындыларыСО2-экв. 1,2 млн. тоннаға азайды. Осы кезеңде біз бұл бағыттағы жұмысты жандандыруға дайынбыз», - деді А.Сәтқалиев.

Қазақстандағы халықаралық компаниялар мен даму банктерінің өкілдігін, атап айтқанда, Еуропалық қайта құру және даму банкінің қызметін ескере отырып, министр үздік нәтижелерге жылдам қол жеткізу үшін антропогендік метан шығарындыларын азайту тұрғысынан технологиялық қолдау, инвестициялар мен гранттар тарту мәселесін бірлесіп шешуді ұсынды.

Кездесу барысында А.Сәтқалиев ЕҚДБ өкілдерін министрліктің сутегі стратегиясы бойынша тұжырымдама жобасын әзірлеуі туралы хабардар етті. Аталған құжат сутегін өндіру, тасымалдау және сақтаудың үздік технологияларын әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған.

«Сонымен қатар біз сутегі энергетикасы саласындағы озық тәжірибені насихаттау құралы ретінде Қазақстанда пилоттық жобаларды іске қосу мүмкіндігін қарастырудамыз. Мұндай жобалар жаңа идеялар мен инновациялық тәсілдерді тәжірибеге енгізбес бұрын сынақтан өткізуге мүмкіндік береді», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Энергетика министрлігі ЕҚДБ-мен бірлесіп, жаңартылатын энергия көздері, электрэнергетикасы және газ өнеркәсібі салаларында бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асыруда. Оның ішінде, шамамен 536 миллион АҚШ долларын құрайтын бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

Фото: ашық дереккөздерден