ОПЕК+ келісімі шеңберінде міндеттемелерді орындау туралы мәлімдеме

ОПЕК+ келісімі шеңберінде міндеттемелерді орындау туралы мәлімдеме

2023 жылғы 30 қарашада өткен ОПЕК+ 36-шы министрлік кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстан және ОПЕК+ - ке мүше басқа елдер әлемдік мұнай нарығында тұрақтылық пен тепе-теңдікті сақтау үшін 2024 жылғы қаңтардан бастап жаңа ерікті міндеттемелер қабылдады.

Қазақстан әрқашан ОПЕК+ қатысушы елдердің бастамаларын қолдады.

2024 жылғы қаңтарда міндеттемелердің асып кетуіне қарамастан, Қазақстан келесі төрт ай ішінде артық өндірісті өтейді және 2023 жылғы 4 маусымда өткен ОПЕК+ 35-ші министрлік кездесуінде келісілген өндіру жөніндегі өз міндеттемелерін, сондай-ақ кейбір ОПЕК елдері мен ОПЕК-ке кірмейтін елдер 2023 жылдың сәуірінде қабылдаған қосымша ерікті міндеттемелерді және одан кейінгі 2023 жылдың қарашасында қабылданған 2024 жылғы ақпан мен наурызға арналған келісімдерді орындауды жалғастырады.