ОПЕК + Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 52-ші отырысының қорытындысы

ОПЕК + Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 52-ші отырысының қорытындысы

Бүгін, 1 ақпанда бейнеконференция форматында ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 52-ші отырысы өтті.

 

Отырыста Қазақстан атынан Энергетика Вице-министрі Әлібек Жамауов қатысты.

Отырыста қатысушы елдердің 2023 жылы келісім бойынша міндеттемелерді орындауы талқыланды.

 

Комитет ОПЕК+ шеңберінде қабылданған уағдаластықтардың мониторингін және мұнай нарығындағы ахуалды бағалауды жалғастырады.

 

Комитеттің келесі отырысы 2024 жылғы 3 сәуірде жоспарланып отыр.