Қуаты 10 МВт БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша қайталама аукциондық сауда-саттықтарының өткізілетуі туралы

Қуаты 10 МВт БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша қайталама аукциондық сауда-саттықтарының өткізілетуі туралы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2023 жылғы 1 қарашадағы №17 хаттамаға сәйкес қуаты 10 МВт БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланғанын хабарлайды.

Осыған байланысты, Министрлік 2024 жылғы 27 ақпанда сағат 14:00-де өтетін қайталама аукциондық сауда-саттықтардың өткізілетіні туралы хабарлайды және барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Мүдделі Тараптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС (https://rfc.kz/auctions/selections) және «ЭҚРҚО» АҚ (https://vie.korem.kz/rus/uchastie_v_torgah/uchastie_vie/) ресми сайттарынан түсініктеме сұрата алады.

БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша қайта аукционға қойылған жалпы белгіленген қуат 10 МВт құрайды.