2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 10:00-де электрондық аукциондар операторының e-qazyna.kz сайтында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукцион өтеді.
2023 жылғы 11 қазанда электрондық аукционға шығарылған 18 учаскенің 8 учаскесі бойынша аукцион 14 желтоқсанда өткізілетін болады, ал қалған 10 учаске бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) нормаларына сәйкес қатысушылардың ең аз санының болмауына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционы өткізілмейді.
Анықтама ретінде: 10 жер қойнауы учаскесінің Көкпекті учаскесі бойынша Кодекстің 99-бабының 1-тармағына сәйкес, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалады, қол қою бонусының мөлшері – 10,35 млн. теңгеге және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптардың бағалау құны –
6 млн. АҚШ доллары
Аукционға шығарылатын 8 жер қойнауы учаскесі бойынша қол қою бонусының жалпы бастапқы мөлшері шамамен – 352,8 млн. теңгені құрайды. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін 4 учаске бойынша - барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптардың бағалану құны 11 млн. АҚШ долларын құрайды.
Аукционның барысын кез келген адам бақылай алады. Бұл үшін Оператор, яғни «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, жеке ашық аукцион залын құрды:
https://e-auction.gosreestr.kz/p/ru/TrackerAuctionsInOneRoom.