Драммен қаласында қазақстандық делегация ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығының перспективаларын талқылады

Драммен қаласында қазақстандық делегация ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығының перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Е.Т. Жанбыршин бастаған қазақстандық делегация 2023 жылғы 4-7 желтоқсан аралығында Драммен қаласына (Норвегия) радиациялық және ядролық қауіпсіздік бойынша жұмыс сапары барысында Норвегияның Орталық Азиядағы елшісі Джон Микал Квистадпен және Норвегияның ядролық және радиациялық қауіпсіздігі агенттігінің өкілдерімен кездесті.

 

Қазақстандық делегация құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, ведомстволардың және сала сарапшыларының өкілдері кірді. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің атынан Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Ғ.Е. Серғазин қатысты.

 

Қазақстандық тарап «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және Қазақстандағы басқа да нормативтік актілердің әзірлеуде қол жеткізілген прогрестерін таныстырды.

 

Талқылау барысында тараптар нормативтік құқықтық актілердің ағымдағы жай-күйін және ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.

 

Сондай-ақ, тараптар алдағы жылдарға арналған алдағы жұмыс жоспарларын талқылады, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу тәжірибесімен алмасты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің ядролық реттеуші ретіндегі рөлін атап өтті.

 

Жұмыс сапары аясында қазақстандық делегация Норвегияның ядролық орталығына барып, кәсіпорынның радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жұмысымен танысты.

 

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша тараптар келесі кездесуді Қазақстан Республикасында өткізуге уағдаласты.