2023 жылғы 29 қарашада жалпы белгіленгенқуаты 20 МВт ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін күнэлектр станциясының құрылысына жобалардыіріктеу бойынша ЖЭК аукционы өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 12компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 32 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 170.001 МВт құрады. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 34.61 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 34.61-ден13.89 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:
Аукциондық сауда саттыққа байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «ECOJER» қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ және ЕҚДБ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы –«ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .
Ағымдағы жылы аяқталатын келесі аукцион 2023 жылғы 30 қарашаға ҚР БЭЖ барлық аймақтары үшін жиынтық белгіленген қуаты 10 МВт БиоЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша тағайындалды.