ҚР БЭЖ оңтүстік аймағының Жетісу облысында КЭС құрылысына аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы

ҚР БЭЖ оңтүстік аймағының Жетісу облысында КЭС құрылысына аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы

2023 жылғы 28 қарашада жалпы белгіленген қуаты 20 МВт ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін күн электр станциясының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша ЖЭК аукционы өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 42 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 130.001 МВт құрады. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 34.61 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 34.61-ден 14.5 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

 

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:

  • «BK-Energy Limited» Жеке компаниясы, жобаның белгіленген қуаты 20 МВт, аукциондық бағасы 14.5 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жоба Жетісу облысында орналастырылады деп жоспарлануда.

 

Аукциондық сауда саттыққа байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .

 

Келесі аукцион 2023 жылғы 29 қарашаға ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт КЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша тағайындалды.