2023 жылғы 14 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 100 МВт жел энергетикалық станциясының жобаларын іріктеу жөніндегі ЖЭК бойынша аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 11 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 15 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 450 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз)құрады.
Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 22.68-ден 13.49 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:
Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде келесі өкілдер қатысты: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ, ЕҚДБ.
Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .
Келесі аукцион жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша 2023 жылғы 15 қарашаға тағайындалды.