Риддер ЖЭО бойынша жылыту кезеңінің өту барысы туралы

Риддер ЖЭО бойынша жылыту кезеңінің өту барысы туралы
 

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков Риддер ЖЭО барды. Қазіргі уақытта 3 қазандық жұмыста, қалған 3 қазандықта жөндеу жұмыстары жалғасуда.

ЖЭО басшылығымен өткен кеңесте жұмыс істеп тұрған қазандықтардың айналмалы жабдықтарының сенімді жұмысына,  ұсатқыш А және багер сорғыларын жөндеуді жеделдетуге, а.ж. 27 қазанына жоспарланған № 6 қазандықты жөндеу жұмыстарын аяқтауға байланысты проблемалық мәселелер талқыланды. № 4 және 5 қазандықтар бойынша жөндеу жұмыстары барысында анықталған ескертулерді жою нұсқалары қаралды.

Риддер ЖЭО бойынша жылыту маусымының тұрақты өтуі Энергетика министрлігінің бақылауында.