Энергетика вице-министрі 
Ж.Д. Нұрмағанбетов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Жамбыл шағын гидроэлектростанциялары өкілдерімен көшпелі кеңес өткізді

Энергетика вице-министрі 
Ж.Д. Нұрмағанбетов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Жамбыл шағын гидроэлектростанциялары өкілдерімен көшпелі кеңес өткізді

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегіндеЭнергетика вице-министрі
Ж.Д. Нұрмағанбетовтың Жамбыл облысына жұмыс сапары өтті, оның шеңберінде Жамбыл облысы Меркі ауданының шағын гидроэлектростанциялары мен тұтынушыларының өкілдерімен көшпелі кеңес өткізілді. Кеңес барысында бірыңғай сатып алушы негізінде электр энергиясының жаңа моделі және теңгерімдеуші нарығы электр энергиясы нарығы жағдайында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың жұмысы туралы түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар, вице-министр Жамбыл ГРЭС-де болып қайтты, оның барысында № 5энергоблогін күрделі жөндеу және № 1 энергоблогін ағымдағы жөндеу барысы туралы хабарланды.

Алдағы жылыту маусымында салқындату арнасы бойынша су көлемінің төмендегенін ескере отырып, Жамбыл ГРЭС-і екі блокты режимде жұмыс істейді деп күтілуде. Жүктемелерді жабу Солтүстік-Оңтүстік электр транзиті бойынша жоспарлануда.

Сондай-ақ, вице-Министр «Таразэнергоцентр» АҚ ЖЭО-4 дайындық барысымен танысты. Қазіргі уақытта ЖЭО қажетті жабдықтар құрамымен штаттық режимде жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың 5 қазанынан бастап Жамбыл облысы бойынша жылыту маусымының басталуы жоспарланған.