Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында № 3 және 11 қазандықтарға, сондай-ақ № 2, 4, 5, 6, 7 турбиналарға жөндеу жұмыстары аяқталды.
Қазіргі таңда № 9 қазандықты жөндеу аяқталды, іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Мерзімдерді ауыстыруға байланысты № 10 қазандықты жөндеуді ағымдағы жылдың 21 қазанында аяқтау жоспарлануда.
№ 3 турбинаны жөндеу ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде аяқталуы тиіс.
№ 1 түтін құбырының ақаулы учаскесін бөлшектеу жұмыстары жалғасуда. Аяқталу мерзімі 1 қазанға дейін.
ЖЭО жылыту кезеңіне 9 бу қазандығымен, сондай-ақ 7 турбинамен кіру жоспарлануда.
Энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті алдағы жылыту кезеңінде ЖЭО-ның дайындалуын тұрақты негізде бақылауды жүзеге асырады.