«Арселор Миттал Теміртау» АҚ 2-ЖЭО алдағы жылыту маусымына дайындау барысы туралы

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ 2-ЖЭО алдағы жылыту маусымына дайындау барысы туралы

Қазіргі уақытта ЖЭО-да № 1 қазандықты жөндеу аяқталды.

№ 4 қазандықты күрделі жөндеу кестеден бір айға артта қалумен жалғасуда. "ЦентрЭнергоМеханизация" ЖШС мердігерлік ұйымына артта қалуды азайту үшін жөндеу персоналының санын көбейту ұсынылды.

№ 5 қазандықты жөндеу 30 қазанда аяқталады деп жоспарланған.

№ 2 турбинаны жөндеу анықталған қосымша ақауларға байланысты екі айға кешіктіріледі.

Персонал тапшылығы салдарынан № 7 қазандықтың құрылысы белгіленген мерзімдерден артта қалып отыр.

Жылыту кезеңін 4 бу, 2 су жылыту қазандығы, сондай-ақ 3 турбинасы бар ЖЭО-2  қамтамасыз етеді деп жоспарлануда.

Энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті алдағы жылыту кезеңінде ЖЭО-ның дайындығын тұрақты негізде бақылауды жүзеге асырады.