Екібастұз ЖЭО-да жөндеу, энергия объектілерін газдандыру және жаңғырту: Энергетика министрлігінің басшысы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

Екібастұз ЖЭО-да жөндеу, энергия объектілерін газдандыру және жаңғырту: Энергетика министрлігінің басшысы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасының энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бейсенбі күні Павлодар облысы бойынша жұмыс сапары аясында Екібастұз қаласында халықпен есептік кездесу өткізді.

Кездесу барысында министр тұрғындарға өңірдегі ірі энергетикалық объектілерді жаңғырту және реконструкциялау мерзімдері, Екібастұз ЖЭО жөндеу науқанының барысы, жылыту маусымына дайындық, сондай-ақ Павлодар облысын газдандырудың қарастырылып отырған нұсқалары туралы баяндап, өзекті сұрақтарына жауап берді.

Қазіргі уақытта өңірде энергетикалық объектілерді жаңғырту және реконструкциялау бойынша ірі жобалар іске асырылуда.

Екібастұз ГРЭС-1-де «№1 энергоблокты қалпына келтіру» жобасы жүзеге асырылуда, ол станцияның қуатын 4 000 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді, жобаның құны шамамен 162 млрд теңге. Жоба 2023 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар Екібастұз ГРЭС-2-де 3 энергоблок салу жұмыстары қайта жанданды, жобаның жалпы құны шамамен 450 млрд теңге. Жобаны іске асыру станцияның қуатын                                       2026 жылы 1 600 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-2-де                  3 энергоблок салу жұмыстары қайта жанданды, жобаның жалпы құны шамамен 450 млрд теңге. Жобаны іске асыру станцияның қуатын 2026 жылы 1 600 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл жобаны іске асыру құрылыс кезеңінде шамамен 1400 жұмыс орнын және пайдалану сатысында 350-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жүргізіліп жатқан реконструкциялау шеңберінде Екібастұз ЖЭО-да барлық  10 қазандықты
(5 бу және 5 су жылыту) жөндеу көзделген

Министрдің мәліметінше, оның ішінде Үкімет резерві есебінен (7,4 млрд теңге) 5 су жылыту қазандығына күрделі жөндеу жүргізілуде. «ОАЭК» АҚ қаражаты есебінен 5 бу қазандығын, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі және ағымдағы жөндеу жүзеге асырылады.

«Бүгінгі күні №9 және №7 энергетикалық қазандықтарда жөндеу жұмыстары аяқталды,                          2 энергетикалық және 5 су жылыту қазандықтарында жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жөндеу науқаны бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, айтарлықтай артта қалушылық жоқ», - деді А.Сәтқалиев.

Жалпы, облыс бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық штаттық режимде өтуде.

Аймақты газдандыру туралы айта отырып, министр екі нұсқаның қарастырылып жатқанын атап өтті: газды өз ресурстары есебінен немесе Ресей Федерациясынан газ импорты есебінен газдандыру.

Бірінші нұсқа шеңберінде «Рудный – Астана – Павлодар – Семей – Өскемен – Зайсан» бағыты бойынша батыс өңірлерден газ шығару мүмкіндігі қарастырылуда. Жобаның құны                                778 млрд теңгеге бағаланады. Қазіргі уақытта QazaqGaz жобасын іске асыру үшін ТЭН әзірлеуде.

Екінші нұсқа (Ресей Федерациясынан газ импорты) «Газпром» ЖАҚ-мен бірлесіп «Ресей Федерациясы – Қазақстан Республикасы – Қытай Халық Республикасы» газ құбырын салу жөніндегі алдын ала ТЭН әзірлеу шеңберінде зерттеліп жатыр. Газдандырудың осы нұсқасы бойынша жобалау жұмыстары аяқталу сатысында.

«ТЭН алдындағы және барлық бастапқы деректерді (газ бағасы мен келісімшарт талаптары) алғаннан кейін солтүстік-шығыс өңірлерді газдандырудың оңтайлы нұсқасы әзірленетін болады», - деп атап өтті министр.