Қазақстанның батысындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау туралы

Қазақстанның батысындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау туралы

2023 жылғы 03 шілдеде сағат 18.23-те «МАЭК» ЖШС жылу электр станциясында жүктемесі 130 МВт болатын № 1 энергия блогы апатты жағдайда ажыратылды.

 

Батыс энергия торабында генерацияның күрт істен шығуына байланысты электр желісінің жиілігі 48,6 Гц-ке дейін төмендеді. Осыған байланысты Маңғыстау және Атырау энергия тораптары оқшауланған жұмысқа бөліп шығарылды. Сол себепті Атырау ЖЭО, Karabatan Utility Solutions бу-газ қондырғысы, Қаламқас және ТШО газ станциялары оқшауланған жұмысқа бөліп шығарылды.

 

Өнеркәсіптік кәсіпорындарға және елді мекендердің бір бөлігіне шектеулер енгізілді.

Сағат 19.22-де Атырау энергия торабы Батыс энергия торабымен синхрондалды.

Сағат 20.36-да Маңғыстау энергия торабы энергиялық жүйемен синхрондалды, шектеулер алынып жатыр.