ҚР энергетика министрі жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді

ҚР энергетика министрі жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді

2023 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Солтүстік Қазақстан облысына келді.

 

Жұмыс сапары шеңберінде Алмасадам Сәтқалиев Петропавл ЖЭС-2 барып, энергетикалық кешеннің жұмысымен танысады.

 

Сондай-ақ министр өңір тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері, азаматтарды жеке қабылдауы өтеді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг ұйымдастырылады.

 

Естеріңізге сала кетейік, алдағы уақытта ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Риддер, Екібастұз, Алматы қалаларына және облыстарға арнайы жұмыс сапарымен барып, өңірлердегі жылу орталықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексереді, тұрғындармен кездеседі.