«Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ның Балқаш ЖЭО-сында генерация толық төмендеді

«Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ның Балқаш ЖЭО-сында генерация толық төмендеді

2023 жылғы 15 маусымда сағат 16.22-де «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ның Балқаш ЖЭО-сында секциялық ажыратқыш зақымданып, салдарынан меншікті электр қажеттіліктерін жоғалту арқылы 10 кВ тарату құрылғысы токтан ажыратылды. 3 қазандық пен 3 турбина сөндірілді. ЖЭО генерациясы 110-нан 0 МВт-қа дейін төмендеді.

 

Сағат 17.10-да электр станциясын бұру бойынша операциялар басталды. Қазіргі уақытта 1 қазандық пен 1 турбина жұмыс істеуде.

 

Технологиялық бұзушылықты тексеру Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қатысуымен жүргізіледі.