Totaleren француз компаниясы, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ Жамбыл облысында жел паркін салады

Totaleren француз компаниясы, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ Жамбыл облысында жел паркін салады

2023 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Франция Республикасының Үкіметі арасындағы «Жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы» арнайы келісім шеңберінде ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен TotalEnergies Президенті Патрик Пуянненің қатысуымен ЖЭК бойынша қаржы есеп айырысу орталығы ЖШС мен Totaleren жобалау компаниясы арасында электр энергиясын сатып алу шартына қол қойылды.

Екіжақты қатынастардың келесі қадамы Қазақстан Парламентіндегі келісімді ратификациялау болып табылады

Бұл шара француз-қазақстандық инвестициялық ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту үшін берік негізді қалайды.

 

Қол қойылған шартқа сәйкес ЖЭК бойынша қаржы есеп айырысу орталығы қуаты 1000 МВт жел электр станциясы өндіретін TotalEren, «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірлескен жобалау компаниясынан электр энергиясын сатып алуға және қабылдауға ниетті.

ЖЭС жобасының бірегейлігі Қазақстанда алғаш рет жел электр станциясы электр энергиясын жинақтау жүйесімен толықтырылатын болады.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 30 қарашада Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Франция Республикасының Үкіметі арасында «Жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы» арнайы келісімге қол қойылды.

Арнайы Келісім республикалар арасындағы энергетика саласындағы ұзақ мерзімді екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған және Қазақстан Республикасының аумағында, жаңартылатын энергия көздері мен жасыл технологиялар саласында іске асырылатын ірі жобаларға қолданылады.

 

Келісім шеңберінде іске асыру жоспарланып отырған осындай ірі жобалардың бірі Жамбыл облысында (Мирный кенті) қуаты 300мвт-600мвт сағ. энергия жинақтау жүйесімен қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу болады.

Жоба шеңберінде француз тарапынан 60% үлесі бар Total Open S. A компаниясы, Қазақстан тарапынан – «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ 20% - дан серіктес болады.

 

Жобаның қуаты бүгінгі күні ҚР-да пайдалануға берілген барлық ЖЭК объектілерінің жалпы көлемінің 50% - на тең. Бұл Қазақстанды 2030 жылға қарай ЖЭК үлесін электр генерациясында 15% - ға дейін ұлғайту жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге айтарлықтай жақындатады