АЭХА АЭС салу алаңын таңдау үшін семинар өткізді

АЭХА АЭС салу алаңын таңдау үшін семинар өткізді

2023 жылғы 29 мамыр – 2 маусым аралығында Астанада АЭХА сарапшыларының қатысуымен АЭС салу үшін алаң таңдау және Қазақстандағы ядролық қондырғылардың жаңа бағдарламасына шолу бойынша «SEED Capacity building for Site safety Evaluation and Review for New Nuclear Installation Programmes in Kazakhstan» семинары өтті.

 

Семинардың мақсаты – практикалық жаттығулары бар техникалық оқыту жүргізу, олар АЭХА қауіпсіздік стандарттарына сәйкес АЭС салу алаңының қауіпсіздігінің кешенді аспектілеріне бағытталған.

 

Семинар АЭХА қауіпсіздік стандарттары сериясының жалпы аспектілерін және сейсмикалық, геотехникалық, метеорологиялық, гидрологиялық және т.б. сияқты АЭС салу алаңын таңдау бойынша техникалық аспектілерді қоса алғанда, тақырыптардың кең ауқымын қамтыды. Бұл аспектілер төтенше жағдайларды жоспарлау және қоршаған ортаға әсерді радиологиялық бағалау кезінде маңызды екенін айта кету керек.

 

Семинарға қатысуға Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар министрліктері, Сейсмология институты, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және атом энергетикасы саласындағы басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.