Энергетикалық қадағалау комитеті аумақтық департаментінің өкілдері «Арсеор Миттал Теміртау» АҚ-ның ЖЭО-2-сінде болды

Энергетикалық қадағалау комитеті аумақтық департаментінің өкілдері «Арсеор Миттал Теміртау» АҚ-ның ЖЭО-2-сінде болды

2023 жылғы 30 мамырда Қарағанды облысы бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің өкілдері энергетикалық кәсіпорындардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығын бақылау шеңберінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның ЖЭО-2-сінде болды.

 

2023 жылға арналған жабдықты жөндеудің бекітілген графигіне сәйкес электр станциясын алдағы жылыту кезеңіне дайындау үшін № 1, 2, 4, 5 қазандық агрегаттарында, № 3 турбоагрегатта күрделі және кеңейтілген-ағымдағы жөндеулер жүргізу жоспарланған. Қалған негізгі және қосалқы жабдықтар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.

 

№ 1 қазандықты күрделі жөндеу кешігіп жүргізіліп жатқаны анықталды. Жұмыстың аяқталу мерзімі 25 мамырдан тамыздың басына дейін ауыстырылды. Жұмыстарды мердігер ұйымдардың 70-ке жуық қызметкері тәулік бойы орындап жатыр. Жұмыстарды жүргізу жүк көтергіш тетіктердің ақаулы күйіне байланысты қиындай түсуде. Қазандықтағы газ құбырларының учаскелерін жөндеуге келісімшарт жасалмаған.

Ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған № 2 турбинаны ағымдағы жөндеу жұмыстары басталған жоқ.

 

Департамент ағымдағы жағдай туралы тиісті хаттарды «Арселор Миттал Теміртау» АҚ басшылығына және өңір әкімдігіне жолдады.

 

Жөндеу кампаниясының өтуі және Теміртаудың ЖЭО-2 алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің тұрақты бақылауында.