ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысының кен орындарында болды

ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысының кен орындарында болды

2023 жылғы 25 мамырда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Асхат Хасенов пен БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев «Ural Oil&Gas» ЖШС-ның «Рожков» кен орнына және «Жайықмұнай» ЖШС-ның Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орнына барды.

 

Рожков кен орнында ҚР Энергетика вице-министрі кен орнын жайластыру жөніндегі жобаның іске асырылу барысымен танысты, онда «Ural Oil&Gas» ЖШС басшылығына кен орнын пайдалануға беру қарқынын жеделдетуді тапсырды.

 

Рожков кен орнының алынатын қорлары: конденсат бойынша 12,5 млн.т, газ бойынша 25,3 млрд. м3 бағаланады. «Ural Oil&Gas» ЖШС акционерлері ҚМГ, Sinopec және мажарстандық MOL болып табылады.

 

Бұдан әрі «Жайықмұнай» ЖШС-ның Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орнында компания басшылығы ҚР Энергетика вице-министріне көмірсутек шикізатын қайта өңдеу бойынша «Жайықмұнай» ЖШС және «Ural Oil&Gas» ЖШС-ның бірлескен жобасын ұсынды.

 

Қазіргі уақытта «Жайықмұнай» ЖШС Рожков кен орнынан жаңа шикізат алу үшін барлық қажетті жұмыстар мен сынақтарды толық жүргізді.