ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі тағайындалды

ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі тағайындалды

Шыңғыс Ильясов ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

 

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Шыңғыс Ильясов «ҚазТрансОйл» АҚ Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры болған.

 

Шыңғыс Ильясов еңбек жолын Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің Жастар орталығының кеңесшісі болып бастады. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде, Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінде, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде жұмыс істеді. Шығыс Еуропа университетінің Халықаралық қатынастар факультетін, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің менеджмент факультетін бітірген.