ҚР Энергетика министрлігі «БерАли Маңғыстау Company» бұрынғы жұмыскерлерінің талаптарына қатысты түсініктеме берді

ҚР Энергетика министрлігі «БерАли Маңғыстау Company» бұрынғы жұмыскерлерінің талаптарына қатысты түсініктеме берді

«БерАли Маңғыстау Company» «Өзенмұнайгаз» АҚ үшін мұнай сервистік жұмыстарды орындауға арналған тендерден бұдан бұрын ұтылған.

 

Осыған байланысты Компанияның бұрынғы жұмыскерлеріне 2023 жылғы 1 сәуірден бастап еңбек жағдайлары мен әлеуметтік пакеті сақталған және орташа жалақысы 700 мың теңгені құрайтын басқа компанияларға («Кезби» ЖШС және «Ai-Bis» ЖШС) жұмысқа орналасу ұсынылды. Бірақ бұрынғы жұмыскерлер одан бас тартып, «Өзенмұнайгаз» АҚ штатына жұмысқа орналасқысы келеді.

 

ҚР Энергетика министрлігі бұл мәселе еңбек заңнамасы мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алу қағидарын ескере отырып, заңнамалық негізде шешілуі тиіс деп санайды.