«Қамбарата ГЭС-1 құрылысы» жобасы бойынша энергетика министрліктерінің кезекті үшжақты кездесуі өткізілді

«Қамбарата ГЭС-1 құрылысы» жобасы бойынша энергетика министрліктерінің кезекті үшжақты кездесуі өткізілді

Ағымдағы жылдың 15 наурызында Өзбекстан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы Энергетика министрліктерінің «Қамбарата ГЭС-1 құрылысы» жобасы бойынша кезекті үшжақты кездесуі өтті.

Анықтама:

Кездесуге Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Ж. Мырзамахмудов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Т. Ибраев, Қазақстанның Энергетика вице-министрі Ж.Нұрмағанбетов, Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраев, тараптардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының жауапты басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Кездесу аясында жобаны іске асыру бойынша «Жол картасын» іске асыру барысы талқыланды, сондай-ақ ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары бойынша құжаттың жобасы қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша жобаны іске асыруға дайындаудың негізгі кезеңдері келісілді, сонымен қатар келесі кездесуді осы жылдың наурыз айының соңына дейін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.