ҚР Энергетика министрі азаматтарды қабылдады

ҚР Энергетика министрі азаматтарды қабылдады

2023 жылғы 15 наурызда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов азаматтарды қабылдап, Ақтау, Шымкент, Астана, Павлодар қалалары және Алматы облысының тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында ведомство басшысы газдандыру, электрмен жабдықтау, мұнай-газ саласына қатысты азаматтардың өтініштерін қарады.

Энергетика министрі көтерілген мәселелерге қатысты түсініктемелер беріп, тиісті құрылымдық бөлімшелерге әрі қарай жұмыстар жүргізуді тапсырды.