Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

«KEGOC» АҚ ақпараты бойынша 2023 жылғы 13 ақпанда сағат 09:23-те технологиялық қорғаныс әрекетімен Екібастұз – Ағадыр 500 кВ Л-5170 электр беру желісі авариялы түрде ажыратылды. 

Бұл Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында 600 МВт-қа жуық энергиямен жабдықтауға шектеулер туғызды.

Қазіргі уақытта ажыратылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында оңтүстік өңірдің электр станцияларын толық жүктеу жұмыстары жүргізілуде.

13.02.2023 жылғы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша энергиямен жабдықтаудағы жалпы қуаты 170 МВт болатын шектеу тек өнеркәсіптік кәсіпорындар ғана қойылды, оның ішінде:

100 МВт «Қазфосфат» ЖШС, 70 МВт – «Арселормиттал» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС.