Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2023 жылғы 13 ақпан сағат 09.22-де қалыпты ауа райы жағдайында Екібастұз-Ағадыр 500 кВ Л-5170 электр беру желісі ажыратылды.

Осыған байланысты аварияға қарсы автоматика арқылы Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Алматы, Түркістан қалаларында электр энергиясы бойынша шектеулер енгізілді.

Зақымдану орнын анықтау үшін «KEGOC» АҚ мамандандырылған бригадасы шықты. Сондай-ақ Жамбыл ГРЭС-ін және Мойнақ ГЭС-ін қосымша жүктеу бойынша шаралар қабылданды.

Қазіргі уақытта ажыратылған тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жүргізілуде.