
Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігі Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп өңірді сұйытылған мұнай газымен (СМГ) қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде.
Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғының тоқтауына байланысты 1 ақпаннан бастап сұйытылған мұнай газының өндірісі тәулігіне 500 тоннадан тәулігіне 190 тоннаға дейін төмендеді.
БҚО-ны сұйытылған газбен қамтамасыз ету үшін ҚР Энергетика министрлігі «Жайықмұнай» ЖШС-мен өңірге тәулігіне 50 тонна СМГ жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
8 ақпаннан бастап АМӨЗ-ден тәулігіне 50 тонна көлемінде СМГ-ны БҚО-ға тиеп-жөнелту басталды.
9 ақпанда БҚО-ға «Gas Processing Company» ЖШС (Ақтөбе облысы) ресурстарынан 200 тонна СМГ жіберу жоспарлануда.
Сонымен қатар «Теңізшевройл» ЖШС-мен БҚО атына 1 000 тонна СМГ бөлу туралы келіссөздер жүргізілуде.
Ақпан айындағы қажеттілік 3200 тонна болған кезде бүгінгі күні өңірге 390 тонна СМГ жеткізілді.
Сондай-ақ ақпан айының соңына дейін БҚО-ға СМГ-ның мынадай көлемдері жеткізілетін болады:
АМӨЗ – 540 тонна;
Жайықмұнай – 1000 тонна;
Gas Processing Company – 200 тонна;
ТШО – 1000 тонна;
СНПС – 70 тонна.