Министрлердің бірлескен мониторинг комитетінің 47-ші кездесуінің қорытындылары

Министрлердің бірлескен мониторинг комитетінің 47-ші кездесуінің қорытындылары

Бүгін, 1 ақпанда, ОПЕК+ министрлердің бірлескен мониторинг комитетінің 47-ші отырысы бейнеконференция форматында өтті.

Отырысқа Қазақстан атынан ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты, - деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Отырыста 2022 жылғы қараша-желтоқсанда тараптардың Келісім бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал талқыланды.

Қатысушы елдер өндіруді 2022 жылдың 5 қазанында ОПЕК+ 33-ші министрлер кездесуінде қабылданған шешімге сәйкес деңгейде жалғастырады.