Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Мажарстанның Мәдениет және инновациялар министрлігі арасында атом саласында кадрлар даярлау жөніндегі меморандумға қол қойылды

Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Мажарстанның Мәдениет және инновациялар министрлігі арасында атом саласында кадрлар даярлау жөніндегі меморандумға қол қойылды

2023 жылғы 27 қаңтарда Мажарстан, Будапешт қаласында өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан- Мажарстан үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Мажарстанның Мәдениет және инновациялар министрлігі арасында Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында кадрларды даярлау және оқыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында Мажарстанда отандық кадрларды кәсіби даярлау бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату болып табылады.

Меморандум шеңберінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және қызмет көрсету, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, реакторлық физика, ядролық технологияларды басқару, атом өнеркәсібі, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы басқа да бағыттар бойынша кадрлар даярлау үшін оқу және білім беру бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда.