Энергетика министрлігінің жобалық офисі «Qazaqstan Project Management Awards – 2022» Ұлттық байқауында «Үздік жобалық офис» номинациясы бойынша қола жүлдеге ие болды

Энергетика министрлігінің жобалық офисі  «Qazaqstan Project Management Awards – 2022» Ұлттық байқауында «Үздік жобалық офис» номинациясы бойынша қола жүлдеге ие болды

Энергетика министрлігінің жобалық офисі «Qazaqstan Project Management Awards  – 2022»  ұлттық конкурсында 19 орталық мемлекеттік органның арасында үздік үштікке енді.

 

Qazaqstan Project Management Awards – бұл жыл сайын өткізілетін жобалық менеджмент саласындағы ұлттық конкурс, оның миссиясы  – еліміздің одан әрі экономикалық өркендеуі үшін жобаларды басқару мәдениетін қалыптастыру болып табылады. 

 

Бүгінгі таңда мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған Министрліктің 116 жобасы жобалық басқару құралдарын қолдану арқылы іске асырылуда.

 

Сонымен қатар 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Министрді, аппарат басшысын, барлық вице-министрлерді және салалық департаменттер басшыларын қоса алғанда, Министрліктің 55 қызметкері СТ РК ISO 21500 стандарты бойынша оқытудан және сертификаттаудан сәтті өтті. 

 

Жобалық басқару құралдарын қолдану негізгі ұлттық индикаторларды қоса алғанда, жобалардың іске асырылу барысына мониторинг және бақылау жүргізуге, мүдделі тараптармен жедел әрекет етуге, жаңа ұйымдастырушылық мәдениетті қалыптастыруға, бизнес-процестерді оңтайландыруға, сондай-ақ адами және қаржылық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.