ҚР Энергетика министрлігінде мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химиясы салаларының әлеуметтік әріптестігі және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның 5-ші отырысы өтті

ҚР Энергетика министрлігінде мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химиясы салаларының әлеуметтік әріптестігі және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның 5-ші отырысы өтті

2022 жылғы 02 желтоқсанда ҚР Энергетика министрлігінде ҚР Энергетика вице-министрі А.М. Мағауовтың төрағалығымен мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химиясы салаларының әлеуметтік әріптестігі және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның 5-ші отырысы өтті.

 

Отырысқа ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің, «Kazenergy» қауымдастығының қызметкерлері мен жұмыс берушілерінің салалық бірлестіктерінің, салалық кәсіподақтардың өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

 

Отырыс қорытындысы бойынша Салалық комиссия мүшелері бірауыздан «2023 жылға арналған мұнай – газ саласының әлеуметтік әріптестігі және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссия жұмысының негізгі бағыттарын бекітті», және 2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу,   Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері еңбек жанжалдарының алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды тыңдады, мұнай-газ саласындағы салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстардың қорытындыларын талқыладыжәне мұнай-газ химиясы салаларындағы салалық келісімдерге қол қойды.

 

Салалық келісім – 2023-2025 жылдардағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша әлеуметтік әріптестік тараптарының келісілген ұстанымдарын және оны іске асырудың бірлескен іс-қимылдарын айқындайтын негізгі құжат.