АЭХА Бас конференциясының 66-шы сессиясы шеңберінде қазақстандық делегация АЭХА Бас директорымен кездесті

АЭХА Бас конференциясының 66-шы сессиясы шеңберінде қазақстандық делегация АЭХА Бас директорымен кездесті

2022 жылғы 28 қыркүйекте АЭХА Бас конференциясының 66-шы сессиясы шеңберінде ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов бастаған қазақстандық делегация АЭХА Бас директоры Рафаэль Гроссимен кездесті.

 

Кездесу барысында Агенттіктің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі негізгі рөлі және оның техникалық ынтымақтастық бағдарламаларын нығайтуға және іске асыруға бағытталған күш-жігері атап өтілді.

 

Рафаэль Гросси Қазақстанға АЭХА қызметін қолдағаны, ядролық қаруды таратпау мен қарусыздануды қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ АЭХА мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың арқасында елде АЭХА-ның Төмен байытылған уран банкі (ТБУ) құрылғанын атап өтті.

Анықтама:

1994 жылғы 26 шілдеде Алматыда Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасында кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қол қойылды. Келісім 1995 жылғы 11 тамызда күшіне енді және осы уақыттан бастап Қазақстанның барлық ядролық қызметі АЭХА кепілдігіне қойылды.

 

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Еуропалық комиссия Бас директорының орынбасары Массимо Гарриббамен кездесу өткізді. Тараптар атом саласының мәселелерін және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

 

АЭХА Бас конференциясының 66-сессиясына қатысу шеңберінде қазақстандық делегацияның жұмысы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.