Энергетика министрлігінің Энергетикалық қадағалау комитеті Жамбыл облысы Жауғаш батыр ауылы азаматтарының өтінішіне жауап берді

Энергетика министрлігінің Энергетикалық қадағалау комитеті Жамбыл облысы Жауғаш батыр ауылы азаматтарының өтінішіне жауап берді

2022 жылғы 12 қыркүйекте ҚР Энергетика министрлігіне Жамбыл облысы Меркі ауданы Жауғаш батыр ауылының тұрғындарынан ақпарат келіп түсті, онда азаматтар электр энергиясын Қырғызстан Республикасының электр желілері арқылы алатыны туралы айтылған.

 

15 қыркүйекте ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Жамбыл облысы әкімдігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл электр желілері» ЖШС және «Жамбыл Жарық Сауда – 2030» ЖШС өкілдерінің қатысуымен Жауғаш батыр ауылын энергиямен жабдықтау мәселесі жөнінде кеңес ұйымдастырды.

 

«Жамбыл электр желілері» ЖШС ақпараты бойынша қырғыз электр энергиясын пайдалану тарифі Бішкек қаласындағы «Электр станциялары» АҚ мен Жауғаш батыр ауылындағы «Ынтымақ» ЖК арасындағы электрмен жабдықтау шартына сәйкес 1 кВт/сағатына орта есеппен 90-100 теңгені құрайды (ҚҚС пен экспортты ескере отырып).

 

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органның балансына қолда бар электр беру желілері мен ЖТҚС-10/0,4 кВ, сондай-ақ «Жамбыл электр желілері» ЖШС-ын жедел қабылдау, 100 тг/кВт.сағ. 24 тг/кВт.сағ. дейін тариф белгілеу мәселесін алып тастау және Жауғаш батыр ауылының тұрғындарына абонемент беру бойынша шаралар қабылдау туралы мәселелерді қарау бойынша шешімдер қабылданды. Қазіргі уақытта мүдделі тараптар тиісті жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар Жауғаш батыр ауылына барып, ауыл тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрлігінің құзыретіне энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге шекті тарифтерді бекіту мәселелері кіретінін қосымша хабарлаймыз. Өз кезегінде, электр энергиясын өткізу бағасы энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясының бағасынан, энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру тарифінен, сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жабдықтау үстемесінен тұрады. «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес соңғы тұтынушылар, оның ішінде халық үшін электр энергиясына баға белгілеу мәселелерін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті реттейді.