ҚР Энергетика министрлігінде тіл апталығы өтті

ҚР Энергетика министрлігінде тіл апталығы өтті

Энергетика министрлігі Стратегиялық даму департаменті Лингвистикалық сараптама басқармасы 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 2022 жылғы 5-9 қыркүйек аралығында мемлекеттік қызметшілер арасында тіл апталығын өткізді, оның шеңберінде мынадай байқаулар ұйымдастырылды.  

 

5 қыркүйекте Тіл апталығының алғашқы күні А. Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауынан басталды. Байқауға қатысуға 10 қызметшіден өтінім келіп түсті. Байқаудың тіл тазалығы, екпінді дұрыс қою білу, сахна шеберлігі, әсерлі жеткізу  талаптарын толық орындап, сапалы бейнежазба жолдаған жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында Ринатова Жанасыл, Қалдаров Оралхан, Бердібекова Жібек үздік үштіктен көрінді.

 

6 қыркүйекте мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызымен кездесу өтті.

 

7 қыркүйекте «А. Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбы бойынша эссе жазу байқауымен жалғасты. Бағалау барысында байқауға қатысушылардың тақырыпты түсінуі, кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер бойынша оны аша білуі, әр бөлім арасында логикалық байланыстың болуы, көркем-бейнелеу құралдарын, сөздік қордың бай лексикасын қолдана білуі және автордың жеке көзқарасының болуы ескерілді

Байқау қорытындысы бойынша Ерғалиева Шұғыла 1-орын, Ибатуллин Айбек 2-орын, Қартқожина Гүлнұр 3-орынды иеленді.

 

8 қыркүйекте «Тіл шебері» байқауы өтті. Байқауға жаңадан жұмысқа кірген жеті мемлекеттік қызметші қатысты. Қатысушылар өздерін таныстырып, мақал-мәтел, салт-дәстүр, А. Байтұрсынұлына қатысты сұрақтарға жауап берді. Қатарынан оза шауып, барлық сұраққа мүдірмей жауап берген Әндіжан Жарас 1-орынға, Ұлтарақ Айтолқын 2-орынға, Әкімжанов Әли 3-орынға табан тіреді.  

 

9 қыркүйекте апталықтың жабылу салтанатында Министрліктің Аппарат басшысы Жанар Жарылғасова жеңімпаздарды құттықтап, дипломдарын табыстады.