ҚР Энергетика министрлігі ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің қорлары туралы қосымша хабарлайды

ҚР Энергетика министрлігі ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің қорлары туралы қосымша хабарлайды

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру, тиеу, тасымалдау және қорларды толықтыру процесі  тәулік сайын тоқтаусыз жүзеге асырылатын процесс.

Өндірілген мұнай өнімдерінің және мұнай базаларындағы, жолдағы көлемдер күн сайынғы қорлар болып табылады.

Күн сайынғы қор көрсеткіші дегеніміз - бұл толықтырылып отыратын көлемдер болып табылатын индикативтік көрсеткіштер және аталған күндер өткеннен кейін  мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу тоқтайтындығын білдіретін көрсеткіштер/факторлар болып табылмайды, жоғарыда аталғандай, мұнай өңдеу зауыттарында тәулік бойы мұнай өнімдерін өндіру мен тиеу процесстері тоқтамай, штаттық режимде жұмыс жасап тұратындығын ерекше атап өтеміз. 

Қосымша ақпарат ретінде 23-тамыздың сағ. 18:00 дейін келіп түскен ақпаратқа сәйкес, еліміздегі мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры 183,3 мың тоннаны, ал дизель отынының қоры 221,7 мың тоннаны құрап тұрғандығын хабарлаймыз..